Қаңтар оқиғасы кезінде елден шығарылған қаражатты тексереді

Қазақстан Мәжілісінің депутаттары қаңтардағы оқиғалар кезінде елден кім және неліктен ақша шығарғанын сұрады.

Депутат Мақсат Раманқұлов Қаржы мониторингі жөніндегі агенттіктен (ҚМА) қаңтар трагедиясы кезінде шетелге шығарылған ірі қаржы аударымдары туралы ақпаратты жариялауды сұрады.

«Ақ жол» фракциясы ҚР ҚМА-дан агенттік құрылғалы бері Қазақстан экономикасына офшорлық аймақтардан қанша қаражат қайтарылғанын, қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге кандай ірі қаражат шағарылды және оны кімдер шығарды, кімдердін шоттарына түскені ақпарат беруді талап етеді», — деді сәрсенбі күнгі Раманқұловтың депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, егер күмәнді транзакциялар болған жағдайда жағдайда, салық органдарынан мұндай қаржының шығуының заңдылығын, және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұрау қажет.

Оның мәліметінше, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең.

«Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қаражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша 200-ден астам іс қозғаған», — деп атап өтті Раманқұлов.

Добавить комментарий