Қаңтар айында қатты аяз болады деп күтілуде

Қазгидрометтің синоптиктері 2021 жылдың қаңтарына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Атап айтқанда, ұзақ мерзімді мәліметтерге сәйкес арктикалық ауа ел аумағына таралуы кезінде температураның төмендеуі -48-54 градусқа жетуі мүмкін.

«Қаңтар айында жауын-шашын Қазақстан аумағы бойынша таралуы біркелкі болмайды. Республиканың басым бөлігінде 10-ден 30 миллиметрге дейін жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау алды аудандарында жауын-шашын мөлшері (40-82 миллиметрге дейін) ұлғаяды. Тарихи деректер бойынша олардың ең көп саны 1969 жылы Чуулдак метеостанциясында (214 миллиметр) байқалды», — деп атап өтті мамандар.

2021 жылғы қаңтарда ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормаға жуық болжануда, Қазақстанның шығыс бөлігінде нормадан 1 градусқа төмен күтілуде. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға шамасында, нормадан көп — республиканың қиыр батысында, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстігінің және оңтүстігінің кей жерлерінде болжанады нормадан аз болжануда.

«Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше суық толқыны күтіледі. Ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі қаңтардың екінші жартысында күтіледі, ауа температурасы солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -25-35, кей жерлерде -39, күндіз -20-27 градусқа дейін төмендейді; республиканың батысында түнде -20-27 градусқа дейін, күндіз -10-20 градусқа дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -15-25 градусқа дейін, кей жерлерде -30, күндіз -7-15 градусқа дейін», — деп толықтырды Қазгидрометте.

Бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдаланылады, ол кейіннен онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

Добавить комментарий