Ақталған тұлғаларға куәлік беріледі

Қазақстанда ҚР заңнамасына сәйкес ақталған адамдарға куәлік беру тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту бойынша бұйрық жобасы әзірленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту туралы» бұйрық жобасын дайындады.

«Бұйрық қағидалары ақталған адамдарға куәліктер беру тәртібін қарастырады.

Куәлік саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамға өтініш берген соң өзіне немесе уәкілетті органға өкілі арқылы беріледі», — делінген құжатта.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

жеке басын куәландыратын құжат;

ақтау туралы анықтама немесе сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі;

өкіл арқылы жүгінген жағдайда — оның өкілеттігін растайтын құжат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

Өтінішті тіркеу ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады.

Өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіден құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

Уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге куәліктер беруді есепке алу журналына белгі қоя отырып, куәлік береді.

Куәлікті жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда ақталған адам уәкілетті органға өтінішпен жүгінуі керек.

Өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіден құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей куәліктің телнұсқасын береді, онда «телнұсқа» мөртабасы қойылады.

Ақталған адамдарға куәліктер беру жөніндегі уәкілетті орган Аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары болып табылады.

Добавить комментарий