Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ірі көлемде қаражат бопсалаған күдіктіні ұстады.

34 жастағы ер адамды ақшаынң бір бөлігін алу кезінде «ұстады».

Хабарланғандай, қаңтар айының соңында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны К.Р.М. белгісіз адам дене жарақатымен қорқытып, 15 млн теңге бопсалағаны туралы арызданды.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, жәбірленушіден ақшаны бір бөлігін алу кезінде ұстады.

Күдіктінің 2022 жылдың соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Добавить комментарий