Ақтөбе тұрғынынан қару-жарақ тәркіленді

Тәртіп сақшылары Ақтөбе қаласы тұрғынының үйінде қару-жарақ сақтау фактісі анықталғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, 15 желтоқсанда сағат 20:00-де Алға ауданының тұрғыны — ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы және деструктивті діни ағымды ұстанушы ұсталды.

Тінту шараларын жүргізу барысында «Макаров» тапаншасы, 12 калибрлі «Mossberg» маркалы аңшы мылтығы, 9 калибрлі 38 дана тапанша оқтары, 12 калибрлі 19 дана оқ дәрілер, аңшы пышағы, оқ салғыш белдігі және 18 дана діни әдебиеттер тәркіленді.

«Аталған дерек Алға ауданы ПБ ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп басталды», — делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді. Тәртіп сақшылары 31 қазанда донер сататын дүңгіршектің қазандық бөлмесінен диван астынан қару-жарақты тапты.

Добавить комментарий