Ақтөбе: сот науқастың өліміне айыпталған гинекологты ақтады

Келіншектің өліміне айыпталған ақтөбелік гинеколог сотта ақталып шықты.

Прокуратура дәрігерге 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, алайда ол сот залынан босатылды.

Ақтөбеде 20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетованың өліміне айыпталған гинеколог дәрігерге үкім шығарылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы оқиға 2019 жылы күзде орын алған. Жас жұбайлар сәби сүюді армандап жеке клиникаға жүгінген.

Дәрігер Гүлданаға гинекологияда кеңінен қолданылатын гидротубация деп аталатын процедураны тағайындады. Тергеу мәліметтері бойынша, дәрігер пациентке метронидазол препаратын мөлшерден көп салды, соның салдарынан Гүлдана анафилактикалық щоктан қайтыс болған.

«Анафилактикалық шок метронидазол қолданудан туындады деген айғақтар дәлелденбеген, қарама-қайшы және болжамды сипатта. Сот үкімімен Л. кінәсіз деп танылып, қылмыс құрамы анықталмағаны үшін ақталды. Заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудан келтірілген зиянды өтеу құқығы ақталды деп танылды», — деп хабарлады Ақтөбе қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Облыс прокурорының, Полиция департаменті бастығының және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына жеке қаулы шығарылды. Сот актілері заңды күшіне енбеді.

Добавить комментарий