Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді. ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы, рульді басқара алмай, кюветке шығып, аударылып кеткен. ЖКО салдарынан ВАЗ 2105 автокөлігінің 31-жастағы жолаушысы, Қырғызстан Республикасының азаматы, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», — делінген сәрсенбі күні хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Добавить комментарий