Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық бағытындағы тас жолда жеңіл көлік аударылып кетті.
«1 қыркүйек күні сағат 18:25-те Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық автожолында Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны қаладан Шұбарқұдық ауылына қарай жүріп келе жатып, «ВАЗ-2110 «автокөлігінің рөлін басқара алмай оң жаққа аударылып қалды. ЖКО салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы алған дене жарақатынан қайтыс болды», — делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.