Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлік жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында адам өліміне алып келген жол апаты болды. КамАЗ жүк көлігіне соқтығысқан Тоуота автокөлігінің жүргізушісі қаза болып, екі бала жарақат алды.

3 қаңтарда түнде Ақтөбе облысында Самара-Шымкент автожолында жантүршігерлік жол апаты болды.

Облыстық ДП мәліметінше, «Тоуота Аlphard» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қобда кентінен Ақтөбе қаласы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, «Камаз» маркалы қар жинайтын автокөлікпен соқтығысуға жол берді.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Тоуота Аlphard автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 5 жолаушы оның ішінде екі бала бар Ақтөбе қаласының медициналық мекемелеріне жатқызылды», — деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Добавить комментарий