Ақтөбе облысында халыққа шұғыл көмек көрсету үшін жабдықталған 22 автокөлік сатып алынды. Әкімді айдың соңына дейін тағы да осынша сатып алынады деп хабарлады.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе мен аудандардың 19 медициналық мекемесіне жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыстады. Облыста үш жүзге жуық мемлекеттік медициналық мекеме бар екендігі хабарланды.
Мамандандырылған көлік медициналық мекемелердің жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күреске дайындық деңгейін арттыру мақсатында сатып алынды.
Жедел жәрдем көліктері Ақтөбе қаласындағы № 1, 2, 3, 4 емханаларына, Қобда, Алға, Мұғалжар, Ырғыз, Байғанин, Хромтау, Ойыл, Шалқар, Ембі, Темір аудандарының орталық ауруханаларына берілді.
Өңір басшысы сапалы денсаулық сақтау елдің әл-ауқатының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Жедел медициналық көмек — халыққа шұғыл көмек көрсетудің маңызды бағыттарының бірі. Бірінші бригада науқастың шақыруына келеді, ал оның өмірі мен денсаулығы дәрігерлердің әрекеттеріне, жабдыққа, соның ішінде көлікке байланысты. Біздің облыстың барлық тұрғындарының атынан пандемия кезіндегі еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін, — деді Оңдасын Оразалин.
Өңірде Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға сәйкес материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша тиімді шаралар қабылдануда. Мәселен, оларға сәйкес халық саны кемінде 10 мың адамды құрайтын елді мекендерде бір жедел жәрдем көлігі болуы тиіс.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 22 арнайы көлік сатып алынды, қазан айының соңына дейін тағы 22 бірлік сатып алынады. Нәтижесінде, жаңа жедел жәрдем көліктері паркінде 63 көлік бар. Олардың 19-і заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, Олар: өкпеге жасанды ауа беру аппараттары, дефибрилляторлар, электрокардиографтар, мониторлар және т.б.