Ақтөбе облысында шекарадан жасырынуға арналған костюмдерді киіп өткен өзбекстандықтар ұсталды

Қазақстанның шекара әскерінің әскери қызметшілері Ақтөбе облысында Өзбекстанның төрт азаматын ұсталғанын хабарлады. Киімдерінің үстінде ақ түсті жасырынуға арналған костюмдер болған.

Аталған операция ағымдағы жылдың 4 ақпанында жүргізілді.

Шетелдіктер мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

«Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.

Алайда, Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген», — деп хабарлады комитет.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий