Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Ақтөбе облысында шаруа қожалығының басшысы ұсталғанын хабарлады.
«ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.
Оқиға 12 желтоқсанға қараған түні орын алған.
«Сағат 00.50-де Ақтөбе облысы Алға аудандық полиция бөлімінің 102 нөміріне шаруа қожалықтарының бірінде адам өлімі тіркелгені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жіберілген жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтаған. Оның барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ салған. Оқиғаның салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды.
Айта кетейік, аталған хабарлама Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетовтың пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат негізінде таралды.