Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Айбек Қайыр мемлекеттік бағдарламалар аясында елді мекендерді газдандыру, электрмен және сумен жабдықтау бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Жыл соңына дейін облыс халқының 99,5% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2021-2023 жылдары 21 жобаны іске асыру жоспарланған.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байрон Өтешовтың айтуынша, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында тұрғын үй құрылысының көлемі 6,6% -ға артқан.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Малимбет Ибрашов биылғы жылы «ЖҚЖК-2020», «Нұрлы жол», «Ауыл — ел бесігі», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылғанын баяндады. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 59% немесе 2,9 мың км дейін жеткізу жоспарлануда.
Одан кейін облыс әкіміне экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармалары қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.
Облыс әкімі аппаратының басшысы аймақ басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы айтып берді, баспасөз қызметі әлеуметтік желілердегі мемлекеттік органдардың белсенділігін талдау нәтижелері туралы хабарлады.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өз орынбасарларына тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау бойынша жұмысты күшейтуді, мемлекеттік бағдарламаларды барынша пайдалануды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды.