Ақтөбе облысында браконьерлерден 27 ақбөкен ұшасы табылды

Ақтөбе облысында полицейлер браконьерлерден 27 ақбөкен ұшасы пен қаруды тәркіледі.

25 қазанда Қобда және Байғанин аудандарының аумағында облыс полициясының қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық шарасын өткізді. Тексеру кезінде Ваз-21140, УАЗ және Toyota Camry автокөліктерінің салонынан 27 ақбөкен ұшасы табылды.

Сонымен қатар Toyota Land Cruiser автокөлігін тексеру кезінде полицейлер 12 калибрлі Вурсан мылтығын, 12 калибрлі ИЖ-27Е мылтығын және пышақтарды тауып тәркіледі.

Барлық алынған заттай дәлелдемелер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Барлық фактілер бойынша ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі және 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Добавить комментарий