Ақтөбе облысы: үш жасар бала көлікте тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында қайғылы оқиға орын алды. Бұзылып тұрған көлік жанып кетіп, салдарынан үш жасар бала мерт болды.

Тағы бір бала, оның ағасын күйік шалды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 16 маусымда Еңбек кентінде екі бала бұзылған «ВАЗ-2106» автокөлігінің салонында ойнап отырған. Белгісіз себептермен өрт шығып, 7 жасар бала шығып үлгереді, ал 3 жасар інісі өртеніп кетті. Қазір өрттің себептері анықталуда.

«Ата-аналарға тағы да қайталаймыз, балаларыңыздың қайда және кіммен жүргенін бақылау қажет. Кез келген оқис жағдай қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Егер жазатайым оқиғадан адам қаза тапса — бұл трагедия, ал балақайларымыздан айырылсақ, бұл орны толмас қайғы, біздің де кінәміз, ересектердің де кінәсі бар. Ұлдарымыз бен қыздарымызды қайғыдан сақтайтын қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтайық», — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Добавить комментарий