Ақтөбеде деструктивті діни ағымның 8 жақтаушысы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
Ақтөбе қаласында ақша бопсалаумен айналысқан қауіпті діни ағымды жақтаушылар тобына қатысты қатаң үкім шығарылды. Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 20-36 жас аралығындағы 8 қылмыскер қарақшылық пен ақша бопсалау бойынша сотталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілер бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтегеннен кейін, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, мүліктер мен ақшалай қаражаттарды Ақтөбе қаласының тұрғындарынан күш қолдану арқылы иемденгені анықталды.
«Күдіктілер 2022 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласында жәбірленушінің үйіне келіп, пышақ қолдану арқылы қорқытып, автокөлікке отырғызған, әрі қарай өздері жалға алған ТҚҚ алып келіп, 2 млн.теңге ақша қаражатын иемденіп, жәбірленушінің атына тауарлық кредиттер рәсімдеген. шілде айында Ақтөбе қаласында қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, ер адамды үйден алып кетіп, оны техникалық қызмет көрсету станциясына алып келген, әрі қарай одан ақша қаражатын талап етіп, жәбірленушінің қаражаты жоқ екеніне көз жеткізіп, жәбірленушінің әкесіне тиесілі ВАЗ 21140 автокөлігін заңсыз иемденген», — деп хабарлады прокуратура.
Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.