Ақтөбе: Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты үкім шығарылды

Сот «Выгодный депозит» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты айыптау үкімін шығарды.

700-ден астам адам қаржы пирамидасын ұйымдастырған алаяқтардың құрбаны болды.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 4 млрд теңгені құрайды.

Ақтөбе қалалық соты «Выгодный депозит» қаржы пирамидасының алты ұйымдастырушысына қатысты үкім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, ұйымдасқан топ 2019-2020 жылдары жұмыс істеді және артынан оның мүшелері «Выгодный депозит» ЖШС қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Ұйым салымшыларға басқа азаматтардың ақшалай жарналары есебінен табыс табуға уәде берді.

«Келтірілген жалпы шығын 4 млрд теңгені құрады, оның ішінде жәбірленушілер саны 700-ден асады. Қылмыстық құқық бұзушылықтар еліміздің үш облысында жасалған. Сотталушылар кінәсін мойындамады, келтірілген залалды өтемеді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидачының басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, қылмыстық топтың басқа да бес қатысушысы сегіз жылға сотталды.

Добавить комментарий