Ақша айырбастау кезіндегі алаяқтық: Қостанай облысының тұрғыны алаяққа алданып қалды

Қостанай облысында алаяқ Ресейге  барар алдында теңгені рубльге жылдам айырбастағысы келетін тұрғындарды арбауына түсірген. Аудан орталығының тұрғыны тиімді валюта бағамын іздеп, «Рубль сатып аламын» деп аталатын WhatsApp тобында алаяқтықпен айналысқан адамның құрығына түскен.

Жәбірленуші көршілес елге демалысқа бармақ болып, теңгені рубльге айырбастау үшін ол банкке жүгінген. Бірақ қажетті сома болмағасын күту қажет болды. Әйел процесті тездетуге шешім қабылдап, құрбысының кеңесі бойынша WhatsApp желісіндегі Рубль сатып аламын деген атауы бар топқа қосылған. Мұнда ол есімі белгісіз адаммен байланысқа шығып, тиімді бағам бойынша рубль сатып алуға келісті.

Әрі қарай, қарапайым нұсқаулыққа сүйене отырып, ол 390 мың теңгені  белгісіз картаға теңгемен аударып, көрші мемлекетте тұратын қызының картасына жауап ретінде ақша түсуін күте бастады.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін бірден сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қажетті жедел-тергеу және іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін анықталды. Ол Қашар кентінің тұрғыны болып шықты. Жәбірленушіге ақшасы қайтарылды, ал күдікті алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Добавить комментарий