АҚШ Жапонияда «Osprey» конвертопланының апатынан кейін ұшыруды қайта бастады

2023 жылғы қарашадан бастап Osprey конвертопландардың бірі апатқа ұшырауына байланысты ұшу тоқтатылғаннан кейін АҚШ Жапонияда оларды ұшыруды қайта бастады. Бұл туралы Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсимаса Хаяси Токиода өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Ұшыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін басты басымдық. Жапония мен АҚШ барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданатынын растады», — деп атап өтті Хаяси.

Ұшыруды қайта бастау туралы шешім мұқият талдау жүргізілгеннен кейін қабылданды, америкалық әскерилер жапон тарапын конструкцияларда ақаулардың жоқ екенін хабардар етті және қосымша бақылау үшін ақауларды анықтау жүйесіне өзгерістер енгізді.

Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада Osprey конвертопланы Якусима аралына жақын маңда құлап, экипаждың сегіз мүшесі қаза тапқан еді. Бұл АҚШ пен Жапониядағы Osprey конвертопланына қатысты алғашқы оқиға емес.

Добавить комментарий