АҚШ-та жұмыс визаларын алу әрдайым күрделі рәсім болды. Енді ол одан да қиын болады. Вашингтон жоғары білікті жұмысшыларға арналған H-1B иммиграциялық емес жұмыс визаларын беруді қатаңдатады.
Бұл туралы АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің сайтында хабарлады.
Жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін шетелдік жұмысшыларды жалдау үшін «арнайы кәсіптер» саны қысқартылатын болады. Сондай-ақ, ережелер «компаниялардың нағыз қызметкерлерге нақты ұсыныстар жасауын» талап етеді.
Министрліктің мәліметінше, жаңа ережелер жұмыс визасы бойынша АҚШ-тағы барлық шетелдіктердің үштен бір бөлігін қамтиды. Кейбір ережелер 8 қазанда күшіне енеді, қалғандары 60 күннен кейін.
2020 жылдың маусым айында АҚШ президенті Дональд Трамп иммигранттардың бірқатар визаларға, соның ішінде H-1B келуіне шектеу қойды. Әкімшіліктің мәліметінше, бұл қадам жұмыссыз америкалықтар үшін жұмыс орындарын сақтап қалады. Қазан айында Сан-Францискодағы сот президенттің бұл жарлығына жартылай тосқауыл қойды.