АҚШ вакциналау паспортын енгізбейді

АҚШ билігі ел аумағында COVID-19-ға қарсы вакцинация паспорты енгізілмейтінін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік! Елдің медициналық реттеушісі вакцина салдырған тұрғындарға ғимараттың ішінде маска кимеуге рұқсат берген.

Бұл туралы дүйсенбі күні журналистерге арналған брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді.

«Бұл [жаңа ұсыным] федералдық үкімет бұл рөлді [вакцинация паспортын енгізу] өз мойнына алмайды деген көзқарасымызды өзгертпеді. Жеке сектор мұны жасай алады. Бұл жекеменшік секторға іалға қадам жасауға түрткі бола алады және біз бұл олар үшін орынды деп есептейміз», — деп есептейді Ақ үй өкілі.

Жұма күні Ауруды бақылау және алдын алу орталықтары коронавирусқа қарсы екпе салдырған ел тұрғындарына ғимараттың ішінде қорғаныш бетпердесін кимеуге рұқсат берді. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді. Алайда көптеген америкалықтар, тіпті вакцина салдырған адамдар, бетпердеден бас тартуға қорқады.

Добавить комментарий