АҚШ Украинамен қарым-қатынасты жандандырды

АҚШ Украинамен қарым-қатынастарын жандандыруға деген ниетін жариялады. Жаңа әкімшілік осы бағытта нақты шаралар қабылдай бастады.

Америкалық көшбасшының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермакпен келіссөздер жүргізді.

АҚШ-тың жаңа әкімшілігі жемқорлыққа қарсы күресте және реформаларды жүргізуде Киевке көмек көрсету үшін Украинамен қарым-қатынасты жандандыруға ниетті. Бұл туралы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливанның Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермакпен дүйсенбі күні өткен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша Ақ үй таратқан мәлімдемесінде айтылған.

«Салливан Құрама Штаттардың Украина егемендігін, аумақтық тұтастығын және агрессия жағдайында еуроатлантикалық ұмтылыстарын қалтқысыз қолдайтынын растады. Ол сондай-ақ [АҚШ президенті Джо] Байден әкімшілігінің президент Владимир Зеленскийдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Украина халқына сот төрелігін, қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз ететін реформалар бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарын қолдау үшін біздің стратегиялық серіктестігімізді қайта жаңғыртуға деген ниетін жеткізді», — делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін украиналық тарап әңгімелесу барысында Ермак АҚШ Донбасстағы жағдайды реттеу жөніндегі бейбіт келіссөздерді ілгерілетуде неғұрлым белсенді рөл атқара алатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Киев Вашингтонға көрсетіліп жатқан көмегі үшін, соның ішінде әскери саладағы көмегі үшін алғыс айтты. Тараптар жалған ақпаратқа қарсы әрекет ету мәселесінде тығыз ынтымақтасуға болады деген пікірге келді. Салливан АҚШ Киевке оның саяси, экономикалық мақсаттарына, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы мақсаттарына қол жеткізуге көмек көрсететіне сендірді, деп атап өтілген Украина тарапы таратқан құжатта. Сонымен қатар, Вашингтон Украинаның НАТО-ға толыққанды мүше болуына жәрдемдеседі.

Добавить комментарий