Құрама Штаттар Украина аумағында өткізілетін Ресейдің сайлауын қолдағандарға, соның ішінде «халықаралық бақылаушыларға» санкция салуға және визалық шектеу қоятынын ескертті. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
Блинкен бұл сайлау Кремльдің Херсон, Запорожье, Донецк және Луганск облыстарын қоса алғанда, Украина өңірлерін аннексиялау мақсатында референдумнан кейін бір жыл өткен соң кейін өткізіліп отырғанын атап өтті. Ресейдің украиндық Қырым мен Севастопольді аннексиялағанына тоғыз жылдан асам уақыт өтті.
Блинкеннің айтуынша, Кремль сайлаудың бұрмаланған нәтижелері Ресейдің Украинадағы жаулап алған учаскелеріне ықпалын нығайтуға үмітті. Бірақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы бұл сайлауды пропаганда деп атап, Құрама Штаттар Ресейдің егеменді Украина аумағындағы талаптарын ешқашан мойындамайтынын айтады.
«Ресейдің іс-әрекеттері жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізі болып табылатын мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты құрметтеуді көздейтін БҰҰ Жарғысының қағидаттарына көз жұма қарайтынын көрсетеді», — деді Блинкен.