АҚШ жақын арада Украинаға жаңа көмек пакеті беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өкілі Джон Кирбидің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Пакеттің егжей-тегжейі әзірге жарияланбады, алайда көмек Украина экономикасын қолдауға және оның қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталады деп күтілуде. Еске сала кетейік, АҚШ бұған дейін Украинаға қаржылайы және әскери жеткізілімдер, сондай-ақ реформалар саласындағы консультациялар түрінде көмек көрсеткен болатын.