АҚШ Украинаға тәркіленген үш көне қылышты берді

АҚШ билігі Украинаға былтыр Ресейден жіберіліп, жергілікті кеден тәркілеген үш көне қылышты берді.

Foreign Policy басылымының деректеріне сәйкес, аталған қылыштар біздің эрамызға дейінгі VI немесе V ғасырда, ал тас балта біздің эрамызға дейінгі III ғасырға тиесілі және қазіргі Украина аумағында табылған.

Жәдігерлер Вашингтондағы Украина елшілігіне берілді. АҚШ билігі көне қаруды кім жөнелткенін және оның АҚШ-қа қандай мақсатта жіберілгенін хабарламады.

Фото: Foreign Policy басылымының мәліметінше, жұма күні АҚШ Кеден және шекара қызметі тәркілеген үш көне қылышты украин дипломаттарына берді

Алайда, мәлімдемеде Украина үкіметі өкілдері бұл заттарды украин мәдениетінің құнды жәдігері ретінде сәйкестендіргені айтылған.

Добавить комментарий