АҚШ Украинаға кезекті әскери көмек пакетін бөлді

Пентагонның мәліметінше, ол 59 Bradley ЖӘЖМ және 90 Stryker бронды машинасын қамтиды.

АҚШ Украинаға әскери көмектің жаңа пакетін бөлді, оның сомасы $2,5 млрд-қа дейін жетеді.

Ақ үйдің баспасөз қызметі бейсенбі күні АҚШ Президенті Джо Байден қол қойған тиісті меморандумды жариялады.

Өз кезегінде Пентагон жаңа транш аясында Вашингтон Киевке 59 Bradley жаяу әскердің жауынгерлік машинасын және оған орнатылған TOW танкіге қарсы зымыран кешендеріне арналған 590 зымыранды, сондай-ақ 25 мм калибрлі 295 мың оқ-дәріні беретінін хабарлады. Сонымен қатар, пакетке 90 броньдалған Stryker машинасы, сегіз Avenger әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, зениттік зымыран кешендеріне арналған қосымша оқ-дәрілер және радиолокацияға қарсы зымырандар кірді.

Сондай-ақ, АҚШ Украинаға MRAP класына қарсы қорғанысы күшейтілген 53 броньдалған машинаны (Mine-Resistant Ambush-Protected), өтімділігі жоғары 350 брондалған көп мақсатты Humvee автомобильдерін, 155 мм калибрлі 20 мың снарядты және 105 мм калибрлі 95 мың снарядты, 600-ге жуық жоғары дәлдікті снарядтарды, 155 мм калибрлі артиллериялық қаруларға арналған оқ-дәрілер, 120 мм калибрлі 11,8 мыңға жуық минометті оқ-дәрілерді жеткізуді көздеп отыр. Осы транш аясында АҚШ Киевке Claymore жаяу әскерге қарсы миналарын, атыс қаруына арналған 3 млн-нан астам оқ-дәрілерді, шамамен 2 мың танкіге қарсы зымырандарды және әскери техника мен жабдықтардың кейбір түрлерін береді.

Пентагонның бағалауы бойынша, жалпы алғанда Украинадағы РФ арнайы әскери операциясы басталғалы бері АҚШ-тың Киевке әскери көмегі $26,7 млрд асты.

 

Добавить комментарий