АҚШ-тың Тбилисидегі елшілігі эвакуацияланды

Грузия астанасында жарылыс болуы мүмкін деген мәлімдемеге байланысты 2022 жылғы 13 қыркүйекте АҚШ елшілігі эвакуацияланды.

БАҚ-тың хабарлауынша, 112 қызметіне елшілік аумағында жарылғыш зат орнатылғаны деген хабарлама келіп түсті. Осыдан кейін елшілік қызметкерлері мен қонақтары эвакуацияланды.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары мен саперлер аттанды.

Елшілік Грузия шұғыл қызметіне «қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Еске салайық, қыркүйек айының басында Грузия Премьер-Министрі АҚШ-пен қарым-қатынасын қалпына келтіруге ниет білдірді.

Соңғы уақытта Грузияның билеуші партиясы батыстық әріптестеріне жиі сын айтылып келеді, дегенмен ел билігі Еуроодаққа мүше болу үшін қажетті реформаларды жүргізуге уәде беріп отыр.

 

Добавить комментарий