АҚШ-тың Ресейдегі елшісі резиденцияны жүктерімен бірге шықты

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Джон Салливан резиденциядан шығып әуежайға бет алған болуы мүмкін.

Америкалық дипломат үш чемодан тиелген көлікке мініп, қақпадан шығып кетті.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 16 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Салливанмен кездесу барысында Вашингтонға кеңес алу үшін баруды ұсынғанын хабарлады.

Дүйсенбі күні Axios порталы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкіліне сілтеме жасап, Салливан осы аптаның ішінде Вашингтонға барып, президент Джо Байден әкімшілігінің өкілдерімен кеңеседі, содан кейін «алдағы апталарда» Мәскеуге қайта оралады деп хабарлады. Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Дональд Прайс сейсенбі күні Салливанның екіжақты қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты Мәскеудің ұсынысы бойынша кеңес алу үшін отанына оралатынын мойындай қоймады.

Добавить комментарий