АҚШ Қаржы министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, елдің мемлекеттік қарызы тарихта алғаш рет 30 триллион доллардан асты.
Ведомствоның баяндамасында «жалпы мемлекеттік борыш» деген бағанда $30,012 трлн көрсетілген. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қарыздың өсуіне АҚШ билігі қаражатты пандемия салдарын жеңілдетуге жұмсауы себеп болды.
Қзір мемлекеттік қарыз 31,4 трлн долларды құрайды.
The New York Times-тың жазуынша, мемлекеттік қарыз мұндай көрсеткішке қаржыгерлер болжағаннан бірнеше жыл бұрын жетті. Басылым бұған коронавирус пандемиясының салдарымен күресу үшін шығынға батқанын айтады: жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, шағын бизнесті қолдау. Олар осы үшін қарыз қаражатын пайдаланған.
2019 жылдан бері АҚШ-тың мемлекеттік қарызы $7 трлн-ға өсті, деп хабарлайды CNN.