АҚШ арнайы қызметінің пайымдауынша, Ресей Дональд Трамптың қайта сайлануына ықпал етіп, президент сайлау додсында үміткер Джо Байденге кедергі келтірмек болған. Мұндай ақпарат АҚШ барлау қызметінің баяндамасында айтылған.
Баяндаманы АҚШ Ұлттық барлау комитеті директорының кеңсесі жариялады. Елдің арнайы қызметінің пікірінше, Ресей президенті Владимир Путин Трамптың мүддесі үшін сайлауға араласуға жетекшілік еткен немесе құптаған.
«Ресей президенті Путин президенттіке үміткер болған Байден мен Демократиялық партияның беделін түсіруге, президент Трамптың кандидатурасын қолдауға, сайлау үдерісіне қоғамдық сенімге нұқсан келтіруге және АҚШ-тағы әлеуметтік-саяси бөлінбеушілікті ушықтыруға бағытталған ықпал ету шараларын жүргізуге бұйрық берді деп есептейміз, ал Ресейдегі үкіметтік ұйымдардың бір тобы бұл операцияны жүргізді», — делінген баяндамада.
АҚШ барлау қызметінің болжамы бойынша, Ресейдің мемлекеттік заңды тұлғалары америкалық қоғамға ықпал ету үшін белсенді жұмыс істеген.
«Мәскеу стратегиясының басты элементі — америкалық БАҚ-қа, АҚШ шенеуніктеріне және ықпалды адамдарға, соның ішінде бұрыңғы президент Трамптың айналасындағылардың арасында бір бөлігіне берілген Байденге қарсы жалған айыптаулар туралы әсерлі нарративті ресейлік барлау қызметімен байланысты адамдарды пайдалану болды», — делінген баяндамада.
Келесі аптада Вашингтон президенттік сайлауға араласқанына байланысты Мәскеуге қарсы санкция салуы мүмкін деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ барлау қызметінің өкілдері Ресей Трамптың жеңіске жетуіне көмектесу үшін президенттік сайлауға араласып жатқанын хабарлаған болатын. АҚШ-тың экс-президенті Ресеймен заңсыз ынтымақтастық орнатты деген айып тағылған. Ресейдің Трампқа 2016 жылғы президент сайлауын жеңуге көмектесу үшін жалған жаңалықтар, кибершабуылдар және басқа да тәсілдерді пайдаланғаны айтылған.