Джозеф Байден АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың жақтастары елдегі демократияның негіздерін бұзуға тырысып жатқанын мәлімдеді.
АҚШ президентінің пікірінше, республикашылдар ел азаматтарын демократиялық бостандықтан айырғысы келеді.
АҚШ президенті, Демократиялық партияның өкілі Джо Байден Филадельфияда сөйлеген сөзінде Республикалық партиядағы экс-президент Дональд Трамптың жақтастары Құрама Штаттарда демократияға қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Трамптың «Американы қайтадан ұлы ел қыламыз» (ағылшын аббревиатурасы — MAGA) деп ұрандатып жүрген ізбасарларын сынға алды, деп хабарлайды Reuters.
Қазіргі президенттің айтуынша, Трамптың жақтастары АҚШ конституциясын елемей, демократиялық сайлауды алып тастауға және «елді орта ғасырға қайтаруға», яғни түсік жасатуға, жүктілікке қарсы дәрілерді сатып алуға және бір жынысты некеге тұруға, сондай-ақ жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзуға дайын.
«Дональд Трамп пен MAGA республикашылдар республикамыздың негіздеріне қауіп төндіретін экстремизмді жақтап отыр. Теңдік пен демократияға қауіп төніп тұр», — деп мәлімдеді Джо Байден.
Президент Конгресске аралық сайлауы қарсаңында Филадельфияда сөз сөйледі. Джо Байденнің сөзй сөйлеп жатқанда, Дональд Трамптың жақтастары митинг өткізген.