АҚШ ӘТК қызметкері құпия мәліметтер бергені үшін ұсталды

АҚШ Әскери-Теңіз министрлігінің қызметкері Джонатан Тоэби ұсталды. Ол құпия мәлiметтердi шет мемлекетке бердi деген күдiкке ілінді. Қай елге бергені айтылмады, ал ақпарат елдің атом кемелеріне қатысты.

АҚШ билігінің мәліметінше, 2020 жылдың сәуір айында Джонатан Тоэби шет мемлекетпен байланыспақ болған, ол АҚШ Әскери-теңіз күштерінің атом су асты құрылғыларының құрылысы туралы мәліметтерді қаржылай сыйақы үшін беруді ұсынды.

Батыс Вирджиния штатында АҚШ Әскери-теңіз министрлігінің қызметкері мен әйелі америкалық атом су асты қайықтарының құрылысы туралы құпия мәліметтерді шет мемлекетке берді деген айыппен ұсталды. Бұл туралы жексенбі күні АҚШ Әділет министрлігінің сайтында хабарлады.

Әңгіме құпия ақпаратқа қол жеткізген 42 жастағы Джонатан Тоэби туралы болып отыр. АҚШ билігінің мәліметінше, 2020 жылдың сәуір айында ол аты аталмаған шет мемлекетпен байланысқа шығуға тырысып, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің атом су асты құрылғылары туралы мәліметтерді сыйақы үшін беруді ұсынған.

Фото: АҚШ Әскери-теңіз министрлігінің қызметкері Джонатан Тоэби ұсталды

АҚШ Федералдық тергеу бюросының (ФТБ) қызметкері Тоэбимен байланысты, ол жасырын жұмыс істеп, осы мәліметтерге мүдделі мемлекеттің өкілі ретінде танысты.

Кейіннен Тоэби жұбайының көмегімен құпия деректерді екі рет берді, сыйақысын криптовалютада $100 мың алды. Сенбі күні ол Батыс Вирджинияда құпия ақпаратты үшінші рет бермек болған кезде ұсталды.

Тоэби мен оның жұбайына құпия мәліметтерді шет мемлекетке заңсыз берді деген айып тағылды. Олар өмір бойына бас бостандығынан айырылып, $100 мың көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Добавить комментарий