АҚШ: Тесла сайттарына шабуыл жасаған ресейлік азаматтың соты кейінге қалдырылды

АҚШ-та сот Tesla-ға кибер шабуыл жасады деп айыпталған ресейлік Егор Крючковқа қатысты істі қарауда. Сот тыңдауы 2021 жылдың сәуіріне ауыстырылғаны белгілі болды. Хабарланғандай, сотта материалдарды қарау басталғанға дейін Крючков қамауда қалады.

Бұл туралы дүйсенбі күні Невада штатындағы округтік сот базасына келіп түскен құжаттар дәлелдейді. Жарияланған құжатқа сәйкес, бұл қорғау тарапына бұрын 1 желтоқсанға белгіленген сот процесінің басталуына материалдық базаны тиісті дәрежеде дайындауға мүмкіндік береді. Істі қарау басталғанға дейін Крючков қамауда қалады.

АҚШ Әділет министрлігі тамыз айында Крючковтың Лос-Анджелесте (Калифорния штаты) қорғалған компьютерге қасақана зиян келтіру үшін сөз байласқан деген айыппен ұсталғанын хабарлады. Ол оның компьютерлік жүйесіне зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеу үшін Невададағы американдық компанияның қызметкеріне пара беруге тырысқан. Tesla басшысы Илон Маск кейінірек бұл өзінің компаниясы туралы айтылып жатқанын жеткізді.

Крючков бес жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Сондай-ақ оны $250 мың көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеуі мүмкін.

Добавить комментарий