Вашингтон Украинаның АҚШ-тан әлемдегі ең үлкен әскери көмек алған ел болғанын хабарлады.
Вашингтон Киевке 2014-2021 жылдар аралығында шамамен $2,7 млрд жіберген
Украина Египет пен Израильді басып озып, АҚШ-тан ең үлкен әскери көмек алушы ел болды. Бұл The Washington Post газетінің сейсенбі күні жарияланған мақаласында көрсетілген.
АҚШ 2014-2021 жылдар аралығында Киевке шамамен $2,7 млрд жуық әскери көмек жіберген. Бұл ретте Украинадағы әскери арнайы операция басталғалы бері ғана бұл көмектің көлемі $3,8 млрд құрады. Басылым қарастырылып отырған $40,1 млрд көлеміндегі жаңа пакетте қорғаныс саласына шамамен $20 млрд құрайтынын баса айтылған.
Басылым бұл көрсеткіштерді (АҚШ-та 1 қазаннан басталатын) 2020 қаржы жылындағы соңғы деректермен салыстырады. Ол кезде әлемдегі ең үлкен АҚШ әскери көмек алушы — Израиль болды, ол $3,3 млрд алды, одан кейін Египет ($1,3 млрд), үшінші орында Иордания ($0,51 млрд) болды.