АҚШ-та Зеленский бейнеленген коллекциялық монеталар шығарылды

Ақ үй Украина президенті Владимир Зеленский бейнеленген коллекциялық монеталар сатылымға шығарылғанын мәлімдеді.

Бір монетаны 100 долларға сатып алуға болады. Монетаның таралымы — 2500 дана.

Монетаның бет жағында қос елдің туы мен АҚШ және Украина президенттері Джо Байден мен Владимир Зеленский, екінші жағында 2022 жылғы 7 наурызда АҚШ конгресінде бейнебайланыс арқылы сөйлеген Владимир Зеленский бейнеленген.

Монеталарды сатудан түскен қаражат гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсалады

Добавить комментарий