АҚШ-та ел тарихында алғаш рет трансгендер федералдық лауазымға тағайындалды.
АҚШ Конгрессінің Сенаты трансгендер Рейчел Левинді федералдық қызметке — Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрінің көмекшісі лауазымына бекітті.
Америкалық заң шығарушы органның баспасөз қызметі хабарлағандай, Левиннің тағайындалуына 52 заң шығарушы қолдап, 48-і қарсы шықты.
Өз кезегінде CNN телекомпаниясы Сенаттың әкімшілік қызметке трансгендерді бекіткен алғашқы жағдай екенін атап өтті.
Анықтама. АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары лауазымына Джо Байден ұсынған 62 жастағы лесби және ЛГБТ белсендісі Рэйчел Левин ұл болып туылып, ал қырық жастан асқан соң жынысын ауыстырған.
Бұл туралы америкалық БАҚ хабарлады.
Forbes журналының мәліметінше, Левин туылған кезде Ричард деп аталған. Ричард Левин Бостонның жекеменшік еврей мектебінде оқыған.