АҚШ-та TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салынды

АҚШ конгресі жұмыс құрылғыларында TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Америкалық заң шығарушылар аталған қосымша қауіпсіздікке қатысты проблемалар тудыруы мүмкін деп есептейді.

АҚШ Конгресінде Өкілдер палатасы барлық құрылғыларда қытайлық TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы Reuters жазады.

Хабарламада айтылғандай, қосымшаны «бірқатар қауіпсіздік мәселелеріне талапқа сай келмейді» деп есептеді. Бұл туралы барлық қызметкерлерге хабарлап, оны Өкілдер палатасының бақылауындағы құрылғылардан өшіруді талап етті.

Жаңа ереже АҚШ штаттары үкіметтерінің Бейжіңдегі ByteDance Ltd компаниясына тиесілі TikTok-ты үкіметтік құрылғылардан тыйым салу жөніндегі бірқатар қадамдарынан кейін қабылданды.

19 штатта қосымша ға ішінара тыйым салынды. Қытай үкіметі америкалықтар мен контент цензурасын бақылау үшін қосымшаны пайдалануы мұмкін деген қауіпке байланысты оны мемлекеттік құрылғылардан өшіріп жатыр.

Бұған дейін АҚШ Сенаты Бейжіңдегі ByteDance компаниясына тиесілі қосымшаны мемлекеттік телефондар мен құрылғыларда қысқа видеоларды түсіру және көру үшін TikTok сервисін пайдалануға тыйым салатын заңды бірауыздан мақұлдағаны хабарланған болатын.

Бұған дейін Apple App Store қолданбалар дүкенінен ресейлік пайдаланушыларға арналған TikTok қосымшасын өшірген болатын.

Добавить комментарий