АҚШ-та ресейлік азамат Александр Жуковқа қатысты үкім шығару кейінге шегерілді. Келесі сот отырыс ағымдағы жылдың 10 қарашасында өтеді. Нью-Йорк қаласы Шығыс округтік соты бұған сотталушының іс материалдарын уақыт тарлығына байланысты толық зерттей алмағаны себеп болды деп хабарлады.
Бұған дейін интернетте алаяқтық жасады деп айыпталған Жуковтың ісі бойынша сот тыңдауы 15 қазанға жоспарланған болатын. «Үкім шығару 2021 жылғы 10 қараша сағат 14:30-ге [22:30 мск] белгіленді», — делінген сот базасында.
Бейсенбі күні Жуковтың адвокаттары өтініш беріп, сотталушының барлық қажетті құжаттарды зерттеп үлгермегендіктен отырысты кейінге қалдыруды сұрады.
Жуков 2018 жылдың қараша айында Болгарияда АҚШ-тың сұрау салу негізінде ұсталды. Нью-Йорк штатының Шығыс округтік прокуратурасы оған, сондай-ақ бес ресейлік Борис Тимохинге, Денис Авдеевке, Дмитрий Новиковқа, Александр Исаевқа және Михаил Андреевке интернетте алаяқтық жасады деген айып тағып отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның екі азаматы — Евгений Тимченко мен Сергей Овсянниковке айып тағылды.2019 жылғы қаңтар айында Жуков АҚШ-қа экстрадицияланды. АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, «алдаудың төресі» деп аталып кеткен Жуковтың қызметі америкалық жарнама индустриясына $7 млн көлемінде залал келтірді.