АҚШ-та Капитолийге жасалған шабуылды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

АҚШ конгрессі Капитолийге жасалған шабуылды тексеру үшін тәуелсіз комиссия құрылғанын мәлімдеді. Бұл туралы өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси хабарлады.

Пелосидің айтуынша, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдардан кейін конгресс құрған комиссия сияқты әрекет ететін болады. Оған “ел ішіндегі террористік шабуылдың” астары мен салдарын, сондай-ақ Капитолий полициясының және басқа да құқық қорғау органдарының дайындығы мен реакциясын мұқият зерделеу қажет. Сонымен қатар, комиссия АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп сайлаудағы жеңілісінен кейін билікті бейбіт жолмен берілуін болдырмау үщін жасаған әрекеттерін тексеруі тиіс.

16 ақпанда бұрынғы президент Дональд Трамп пен оның адвокаты Рудольф Джулианиге қарсы сотқа шағым түсірді. Конгрессмен-демократ Бенни Томпсон оларды Капитолиядегі тәртіпсіздікке итермелеу үшін сөз байласты деп айыптады.

Бүлік Трамптың, Джулианидің және “Ант сақтаушылар” және “Мақтаншық жігіттер” секілді экстремистік топтардың мұқият жоспарланған жоспарының нәтижесі болды,   олар ортақ мақсатты басшылыққа алды — таңдаушылар алқасының дауыс беру нәтижелерін қорқыту, қысым және қоқан-лоқы көрсету арқылы сертификаттауды тоқтату», — делінген заңгерлердің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтар күні бір топ наразылық білдірушілер президент Дональд Трамптың сайлаудағы жеңілісін жою үшін АҚШ Капитолийіне шабуыл жасаған болатын. Трамп жақтастарының Капитолий ғимаратына жасаған шабуылынан полицейді қоса алғанда, бес адам қаза тапты.

Капитолийге шабуыл жасау фактісі бойынша АҚШ Федералдық тергеу бюросы 160 іс қозғады. Кем дегенде 150 адамға қарсы айып тағылды. Демократтар Трампты бүлікке итермеледі деп айыптады, бұл палата өкілдерінің экс-президентке импичмент жариялауына себеп болды. Алайда 13 ақпанда сенат Трампты ақтады.

Добавить комментарий