АҚШ-та фармакологиялық компания COVID-19 вакцинасын сынауды тоқтатты

New York Times газетінің хабарлауынша, Eli Lilly компаниясы еріктілерді зерттеуге қабылдауды тоқтатты.

Америкалық Eli Lilly фармацевтикалық компаниясы «ықтимал қауіпсіздік мәселесіне» байланысты коронавирустық ауруға қарсы антиденелерді емдеудің клиникалық сынауын тоқтатты.

Eli Lilly зерттеуі плацебомен салыстырғанда емдеуге жатқызылған жүздеген адамға терапияның артықшылықтарын тексеру үшін әзірленді. Зерттеуге қатысушылардың барлығы коронавирус ауруымен ауыратын науқастарды емдеу үшін кеңінен қолданылатын тағы бір эксперименттік препарат, ремдесивир алды. Алайда қанша ерікті ауру жұқтырғаны белгісіз, олардың ауруытуралы ешқандай толық мәлімет хабарланбаған.

Басылымның жазуынша, ірі клиникалық сынақтарда мұндай үзілістер ерекше жағдай емес және еріктілердің ауруы эксперименттік препараттың немесе вакцинаның нәтижесі болып табылмайды. Мұндай үсілістер тәуелсіз ғылыми сарапшылар кеңесіне деректерді зерделеуге және оқиғаның емдеумен байланысты болуы немесе кездейсоқ туындауын анықтауға мүмкіндік беруге арналған.

Басқалармен қатар, Eli Lilly сынақтарына Ұлттық денсаулық сақтау институттары мен Ардагерлер істері департаментінің бірнеше бөлімшелері демеушілік көрсетті. Бірақ сейсенбі, 13 қазанда бірнеше ресми тұлғалар жіберген электрондық хаттарда зерттеушілерге еріктілерді «артық сақтықтан» зерттеуге қабылдауды тоқтатуға шақырды .

Бұл жаңалық Johnson&Johnson еріктінің науқастануына байланысты коронавирусқа қарсы вакцинаны сынауды тоқтата тұру туралы жариялағаннан кейін бір күн өткен соң пайда болды, сондай-ақ AstraZeneca компаниясының вакцина сынамасынан кейін ауырып қалған екі қатысушысына байланысты тоқтатылған .

Бүгінгі таңда әлемде коронавирусқа қарсы 40 вакцина әзірленуде, оның әрбір төртіншісі сынақтың соңғы сатысында тұр.

Добавить комментарий