АҚШ-та сұрапыл «Ида» дауылына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.
Қатты нөсер салдарынан су басып, Нью-Джерсиде 23 адам ажал құшты, ал Нью-Йоркте «Ида» дауылы кесірінен 15 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, Пенсильванияда бес адам, Мэрилендте және Коннектикутта екі адам қаза тапты.
Нью-Йорк полициясы адам өлімі себебін анықтап жатыр. Мегаполисте тұрғындар мен көліктерді эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Қаза тапқандардың ең көбі Квинс ауданында тіркелді. Сондай-ақ сұрапыл дауыл Бруклинге де жетті.
Жергілікті баспасөз қызметінің хабарлауынша, адамдардың көпшілігі өз көліктерінде қаза тапқан. Оларды сел ағызып кеткен.
Осы дауылды Сэнди дауылынан кейінгі сұрапыл дауылдардың бірі деп атады, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді.