АҚШ-та жарамдылық мерзімі аяқталайын деп қалған Johnson & Johnson (J&J) шығарған вакцинаның ірі партиясын қайда жіберерін білмей бас қатырып отыр. Бұл коронавирустық инфекцияға қарсы иммундық профилактикаға арналған препарат, оны пайдалану сәуір айында тоқтатылды.
Қазір америкалық мамандар Johnson & Johnson (J&J) компаниясы шығарған жаңа коронавирусқа қарсы вакцинаның миллиондаған дозасын қайда жіберерін білмей бас қатырып отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal газетінің электронды нұсқасында жарияланған мақалада айтылған.
«Дамушы елдерде вакцина тапшы болып тұрғанда, АҚШ-та [вакцинаның] өте көп мөлшері құр босқа ауа кетпек, бұл [президент Джо] Байден әкімшілігін өз қорларымен бөлісуге мәжбүрлейді», — делінген материалда. Сонымен қатар, онда АҚШ билігінің аталған вакцинаны қысқа мерзімде АҚШ-та қолдануы немесе басқа елдерге жіберуі оңайға соқпайтыны айтылған.
Дереккөздер нақтылағандай, J&J вакцинасының уақтылы қолданылмауының бірден бір бірі себебі, сәуір айында оның жеткізілуін тоқтату болып табылады. Сол кезде америкалық реттеуші органдар препаратты салдырған пациенттерде тромб пайда болу мүмкіндігін зерттеген.
Арканзас, Батыс Вирджиния, Мичиган, Огайо, Оклахома және Пенсильвания штаттарында жарамдылық мерзімі бітуге таяған J&J компаниясы шығарған вакцинаның қорлары бар.
АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасы ақпан айының соңында Johnson & Johnson компаниясына тиесілі Janssen компаниясының коронавирусқа қарсы вакцины төтенше жағдайларда қолдану үшін тіркеу туралы өтінішін мақұлдады. Janssen препараты АҚШ аумағында қолдануға рұқсат етілген коронавирусқа қарсы үшінші вакцина. Бұл ретте иммунитеттің пайда болуы үшін Moderna, сондай-ақ Pfizer және BioNTech компанияларының препараттары сияқты екі дозасын емес, біреуін салдырса жеткілікті.