АҚШ-та белгісіз біреулер қазақстандық әйелді атып кетті

АҚШ-та белгісіз жағдайда отандасымыз оқ жарақатынан қаза тапты. Әйел небәрі 34 жаста.

«Жергілікті полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан қайтыс болды», — деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, полиция аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Қылмыс жасады деген күдікті тұтқындалды», — деді Смадияров.

Қазақстан консулы марқұиның туыстарымен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

Сент-Пол полиция департаментінің хабарлауынша, Рэмси округінің сот-медициналық сарапшысы 16 ақпан күні кешкісін Пейн-Фален ауданында оқ жарақатынан қайтыс болған Сент-Полдық 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтаған.

Юлия Ли қаза тапқаны туралы ақпарат зорлық-зомбылық құрбандарына арналған ұлттық мемориал сайтында жарияланған.

Добавить комментарий