АҚШ әскерилерін ОА аумағына орналастыруды жоспарлап отыр

Шетелдік БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, АҚШ басшылығы Ауғанстан аумағынан шығарылған әскерлерді Орталық Азия елдеріне көшіру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат тарады. The Wall Street Journal хабарлауынша, билік бірінші кезекте Өзбекстан мен Тәжікстан аумағында өздерінің әскери базаларын құру мәселесін қарастырып жатыр.

«Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығаруға кіріскен америкалық басшылық «ауған үкіметіне қолдау көрсету, «Талибан» радикалды қозғалысының (ҚР-да тыйым салынған) қызметін бақылау және басқа «экстремистерді» қадағалау үшін әскерді басқа елдерде орналастыру мүмкіндігін пысықтауда «, — деп хабарлады басылым.

Ауғанстанмен шекаралас Өзбекстан мен Тәжікстан географиялық тұрғыдан ең қолайлы нұсқалар ретінде қарастырылып жатыр.

«Алайда бұл өңірде Ресейдің әскерилерінің болуы, Қытайдың ықпалы мен Вашингтонмен шиеленіс қарым-қатынас Орталық Азияда әскери база құру жоспарын қиындатады», — деп хабарлайды БАҚ.

Басылымның дереккөздері АҚШ басшылығы әзірге жоғарыда аталған елдердің аумағында әскери база құру туралы ресми сауал жолдаған жоқ деп мәлімдейді.

Бұл ретте АҚШ әскерлерін Ауғанстаннан шығару, дереккөздердің мәліметінше, белгіленген мерзімнен бұрын шілде айында аяқталуы мүмкін.

«Егер АҚШ әскерилерін Ауғанстанмен шекаралас елдердің аумағында орналастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізе алмаса, америкалық басшылық оларды Парсы шығанағына ауыстыру нұсқасын қарастыруға дайын», — деп хабарлады БАҚ.

Бұдан бөлек, қысқа мерзімді операциялар жүргізу үшін, соның ішінде Кабулдағы АҚШ елшілігін қорғау үшін аймақта әуе кемесін орналастыру мүмкіндігі резервтік нұсқа ретінде қарастырылады. Басылым 2001 жылы АҚШ әскерилері Қырғызстан мен Өзбекстандағы базаларға орналастырылғанын еске салады, алайда олар 2005 және 2014 жылдары толығымен шығарылды.

Добавить комментарий