АҚШ Сенаты Финляндия мен Швейцарияның НАТО әскери блогына қосылуын мақұлдау туралы шешім қабылдады.
Осылайша, аталған елдердің Солтүстік Атлант альянсына мүшелігіне 100 сенатордың 95-і жақтап дауыс берді, біреуі қарсы дауыс берді. Сенаттың мақұлдауын алу үшін кемінде 67 дауыс қажет болды. Дауыс беру Сенаттың сайтында көрсетілді.
«Сенат екі партиялық негізде ортақ пікір білдіріп, авторитаризмнің күшеюі жағдайында батыс альянсын күшейтеді», — деп мәлімдеді Сенаттағы көпшілік жетекшісі Чак Шумер дауыс беру алдында.
АҚШ президенті Джо Байден шілде айында Финляндия мен Швецияны НАТО мүшелігіне қабылдау туралы хаттамаларды АҚШ Конгресі Сенатының мақұлдауына жолдады. АҚШ заңнамасына сәйкес ратификациялау рәсімін ел президенті жүзеге асырады, ал Сенат оған келісім береді. Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл процестің бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтты. Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы құжаттарды альянсқа мүше 30 мемлекеттің 23-інің парламенті ратификациялады.
Финляндия мен Швеция 18 мамырда НАТО-ға кіруге өтініш берді. Өтініштерді талқылауға Түркия тосқауыл қойды, бірақ кейінірек ол келісімін берді. 29 маусымда альянс басшылығы елдерді альянс құрамына шақыру туралы шешім қабылдады.