АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

АҚШ Қарулы Күштері Minuteman III құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізгені туралы есеп берді, деп хабарлайды Reuters.

Қарулы күштердің мәлімдемесінде көрсетілгендей, сынақ «АҚШ ядролық күштерінің даярлығын», сондай-ақ «ядролық қару арсеналының тиімділігін» көрсетті.

Аталып өткендей, іс-шара қандай да бір нақты оқиғалармен байланысты болған жоқ, жалпы АҚШ әскері осындай сынақтарды шамамен 300 мәрте өткізген.

Тамыз айының басында Тайвань жағалауында әскери жаттығулар өткізген Қытаймен арадағы қарым-қатынастағы шиеленісті ушықтырмау үшін кезекті ұшыру кейінге қалдырылған. Сәуірде Minuteman III сынағы Ресеймен арадағы шиеленісті азайту үшін тоқтатылған.

Minuteman III зымыраны 24 км/сағ жылдамдықпен және 9,7 шақырым қашықтыққа ұшуға қабілетті, ол АҚШ ядролық арсеналының негізгі элементтерінің бірі.

Қытай тамыз айының басында Тайвань бұғазында және оған жақын маңда зымыран ұшыруды қамтитын әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Оқу-жаттығу жиындары АҚШ Конгресінің төменгі палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары аясында өткізілді. Бұл сапар Қытайдың наразылығын тудырды, олар Тайваньды өз провинциясы деп санайды және жергілікті биліктің дербес сыртқы саясатын құптамайды.

Добавить комментарий