Ресеймен байланысы бар деген күдікке ілінген төрт Украина азаматы АҚШ-тың санкциясына ұшырауы мүмкін.
Тізімде — Владимир Сивкович, Тарас Козак, Олег Волошин және Владимир Олейник бар.
АҚШ Қаржы министрлігі оларға қарсы санкция салды. Бұл туралы бейсенбі күні жарияланған қаржы ведомствосының мәлімдемесінде айтылған.
Қара тізімге Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі басшысының бұрынғы орынбасары Владимир Сивкович, Жоғарғы Рада депутаттары «Оппозициялық тұғырнамадан — Өмір үшін» (ОПЗЖ) Тарас Козак пен Олег Волошин, бұрынғы депутат Владимир Олейник кірді.