Америка Құрама Штаттары Ресейге Солтүстік Корея мен Ираннан әскери көмек жеткізуге, соның ішінде баллистикалық зымырандарды жіберуге көмек көрсеткен тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар енгізуге ниетті екенін жариялады. Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби бұл туралы 4 қаңтарда өткен брифингте атап өтті.
Кирби АҚШ-та Ресейге Солтүстік Кореядан баллистикалық зымырандар жеткізілгеніне, сондай-ақ Иранмен осындай қару-жараққа қатысты келіссөздер жүргізгеніне дәлелдері барын атап өтті. Ол мәлімдегендей: «Ресейдің Иран және Солтүстік Кореямен әрекетіне жауап ретінде одақтастармен және серіктестермен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдаймыз.»
АҚШ сондай-ақ Пхеньян мен Мәскеу арасындағы әскери ынтымақтастық мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде көтеруді жоспарлап отыр. Ақ үйдің өкілі: «Біз Ресейден халықаралық міндеттемелерін кезекті рет бұзғаны үшін жауапқа тартатын боламыз. Екіншіден, біз Ресей мен КХДР, сондай-ақ Ресей мен Иран арасындағы қару-жарақты беруге жәрдемдескендерге қатысты санкциялар саламыз».
Кирби АҚШ басқа елдер тарапынан әскери жабдықтарды жасырын жеткізудің алдын алып, Ресейдің қару-жарақ келісімдерін әшкерелеуді жалғастыратіыына сендірді.