АҚШ Ресейдің Мемлекеттік Дума депутаттарына қарсы салғанын мәлімдеді, оған заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар ілікті. Санкциялық тізімде «Сбербанк» басшысы да бар.
АҚШ бейсенбі күні Украинадағы жағдайға байланысты жаңа санкциялар салды.
Санкциялық тізімге Ресей Мемлекеттік Думасының 328 депутаты мен Мемлекеттік Думаның өзі енді.
Сонымен қатар, тізімде «Сбер» басшысы Герман Греф, миллиардер Геннадий Тимченконың әйелі, Ресейдің бірқатар қорғаныс кәсіпорындарының басшылары, ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешенмен байланысты ондаған компаниялар бар. Жаңа тізімде барлығы 400-ден астам жеке және заңды тұлға бар, деп хабарлады АҚШ президенті Джо Байден.
Жаңа санкциялар олардың активтерін бұғаттауды, ал жеке тұлғалар үшін АҚШ-қа кіруге тыйым салуды көздейді. Сонымен қатар, америкалық жеке және заңды тұлғаларға санкциялық тізімге енген адамдармен жұмыс істеуге тыйым салынған.
Сондай-ақ, АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Ресей Орталық банкінің алтын қорлары санкцияларға ұшырауы мүмкін.