АҚШ РФ-ға қарсы жаңа санкция салу мәселесін талқылауда

Вашингтон Еуропа елдерінің Ресей газын сатып алуға қатысты мәселелерді өз бетінше шешу құқығын құрметтейтінін мәлімдеді. Алайда, бұл мәселе бойынша диалогтан бас тартқан жоқ.

АҚШ президенті Джо Байден мен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесу барысында РФ-ға қатысты санкциялардың кеңеюін талқылады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки хабарлады.

Әкімшіліктің ресми өкілі атап өткендей, Вашингтон Ресейге экономикалық қысым жасау шеңберінде жаңа шаралар қабылдауға дайын.

Сонымен қатар АҚШ Еуропа елдеріне Ресей газын сатып алудан бас тарту жөнінде өз бетінше шешім қабылдау құқығын құрметтейтінін, алайда бұл мәселе бойынша диалогтан бас тартқан жоқ.

Сол күні АҚШ Қаржы министрі Жанет Йеллен АҚШ пен оның одақтастары басқа елдердің Ресейге қарсы салынған санкцияларды бұзатын әрекетіне қарап тұрмайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресеймен сауданы сақтап қалу арқылы пайда көруді көздеп отырған бірқатар мемлекеттердің ниеті дұрыс емес. Ол Ақ үй серіктестерімен бірлесіп әрекет етіп, Ресейді әртүрлі салаларда оқшаулайтынын айтты.

Добавить комментарий